ҚР Президентінің Жолдауы қызу талқыға салынды!

Ақмола облысының М. Жұмабаев атындағы облыстық кітапханасында 2017 жылдың 8 ақпанында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 31-ші қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылау бойынша іс-шара өткізілді.

Іс-шараға қатысушылар – Көкшетау қаласының студент жастары мен КТИ курсанттарының алдында Жолдауды түсіндіру бойынша Ақмола облысының ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қолғамдық бірлестігінің төрағасы, Ақмола облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі М.Қ. Қиықов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, «Нұр Отан» партиясының саяси бюросының мүшесі Зере Қиықова, Ақмола облысы әділет басқармасы филиалының хатшысы, Қазақстан заңгерлері мүшесінің хатшысы Бақыт Сұлтанов, Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, М. Жұмабаев атындағы Ақмола облысының әмбебап ғылыми кітапханасы жанындағы «Серпер» жастар клубы, қаланың оқу орындарының студенттері сөз сөйледі.

Облыстық кітапхананың мерзімдік басылымдары секторының меңгерушісі Күлзада Мұхаметқалиева ұсынған кітап көрмесінде тыңдаушылар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы бойынша шолушы ақпаратқа ие болды.

«Мемлекеттің экономикалық өсуі мен жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің, баға жетпес тәжірибені қамтамасыз ететін жаңғырудың жаңа моделін құру қажет. Біз жаңа сандық технологияларды пайдаланумен құрылатын жаңа индустрияларды гүлдендіруіміз қажет. Ол маңызды кешенді міндет»,- деп сөз сөйлеушілер қорытындылап өтті.

Мемлекеттің маңызды құжатын талқылауға Көкшетау қ. оқу орындарының студенттері қатысып, Жолдаудың негізгі басым тармақтары бойынша өз пікірлерін белсенді білдіріп отырды.

Іс-шара аяқталған кезде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын талқылаудың қорытындысы жасалды.

Өзінің тағдыршешті құжатында Мемлекет басшысы былай деген: «Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр.

Біздің басты күшіміз – бірлікте. Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз!».

Бақыт Мұхамедрахимова-Тасова,

Ақмола облысы әкімінің

аппараты жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз хатшысы