«Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Ақмола облыстық филиалы

Төрағасы – Осиненко Геннадий Вениаминович

Қауымдастық 1999 жылдан бастап жұмыс істейді, 2004 жылы қайта тіркелген. «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Ақмола облыстық филиалының қызметінің негізгі бағыттары (ОСКҚ) туған тілдер мен мәдениетті дамыту, білім берушілік, мәдени-ағартушылық, спорттық-сауықтырушы жұмысты өткізу, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау, патриоттық және адамгершілік тәрбиелеу, қайырымдылық қызметке қатысу, қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

Қауымдастықтың Ақмола облыстық филиалы басшысы Осипенко Геннадий Вениаминович тұлғасында азаматтық ұстанымдары бар бастамашыл адамдарды көбірек тартумен іс-шаралар, флеш-мобтар, спорт жарыстары мен байқауларды жиі өткізеді.

Казак мәдениеті бойынша жастардың жазғы лагерінде оқыту қызықты өткізілді: лагерьдің негізгі мақсаты жасөспірімдерді әскери істің қиыншылықтарына, туған өлкенің тарихы мен дәстүрлеріне жақындастыру, рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу жүйесін сақтауға, дамыту мен нығайтуға бағытталған жасөспірімдердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту, сауықтыру, өзін-өзі іске асыру.

«Менің Әнұраным, менің Елтаңбам, менің Туым!». Конституция күнін тойлау қарсаңында Қоғамдық келісім сарайында ұйымдастырылған және мемлекеттік нышандарға арналған дөңгелек үстел осылай аталды. Жиналған қауымның басты идеясы деп қазақстандық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті, оның бүгіні мен болашағы үшін мақтаныш сезімін нығайту деп белгіледі.

ОСКҚ Ақмолалық филиалының жоспарында  – қазақстандық бірлік пен бірегейлікті нығайту мен дамыту бойынша әрі қарай белсенді жұмыс істеу.


Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.