КҮШІМІЗБІРЛІКТЕ

Халықтың бірлігі мен сабыры қиындықта сыналады. Қазақстанның бірнеше өңірінде болған су тасқыны еліміздің жұдырықтай жұмыла білетінін тағы көрсетті. Осы ретте Қазақстан халқы Ассамблеясы жан-жақты күші мен барлық мүмкіндіктерін аямай, аймақтарға барынша көмек қолын созуда.
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Жүректен жүрекке» акциясы бастау алды.
Аталған акция аясында ҚР Парламент Сенатының депутаттары Сатвалдиев Алишер Гапиржанович және Шиповских Геннадий Геннадиевич бастаған делегация Ақмола облысына 4 сәуір күні келді.
Тангиев Жанболат бастаған астаналық жомарт жандар осы қиын-қыстау уақытта көмек қолын созып, екі жүк автокөлігіне азық-түлік, жылы киімдер және гигиена заттарын толтырып жіберіпті.
Келген астаналықтар түске дейін бірнеше жанұяға және Көкшетау қаласындағы бейімдеу орталығына барып, зардап шеккендермен кездесіп, әкелген заттарын таратты.
Игі іс әлі де жалғасын табады.