«Ақмола облысының «Вайнах» шешен-инғұш қоғамы»

қоғамдық бірлестігі

Төрағасы – Яндиев Герихан Ибрагимович

2003 жылы пайда болған, қайырымдылық қызметпен, құқықтық және материалдық көмек көрсетумен, балалар мен жастарды тілге үйретумен, салауатты өмір салтын насихаттаумен айналысады.

Бірлестік ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру бойынша белсенді қызмет жасауда, жастармен дәрістер, диалогтық алаңдар, дебаттық турнирлер өткізіледі.

Бірлестіктің жанында жастар қанаты, «Ритмы гор» би ұжымы белсенді қызмет етуде.

Бірлестіктің басқаруымен өтетін маңызды іс-шаралар: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, алғыс күні.

Көкшетау қаласы мен Ақмола облысында Ингушетия республикасының күндерін өткізу дәстүрге айналды. Жобаның бағдарламасына өңір тұрғындарына инғұш халқының ұлттық ән және би шығармаларымен, ерекше салттарымен және табиғи байлықтарымен, Ингушетия Республикасының тарихи-мәдени және көркемдік мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін іс-шаралар кірді.