«Ақмола облысының татарлары мен башқұрлары бірлестігі»

қоғамдық бірлестігі

Төрағасы – Сулькарнаев Рафаил Саитұлы

Бірлестіктің жұмысының басты басымдылықтары жастарды Қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, халықтар арасындағы достықты сақтау, татар халқының тілін, мәдениетін, дәстүрлері мен салттарын қайта өркендету және дамыту болып табылады.

Ақмола облысының татарлары мен башқұрлары бірлестігі қоғамдағы келісімді нығайту, өз ұлтының салттары мен дәстүрлерін насихаттау бойынша зор жұмыс атқаруда. «Сабантой», «Чак-чак байраме» мерекелері, татар киносының он күндігі, «Мен яратам сине Кокшетау» гала-концерті, әйгілі жазушылар И. Салаховтың, Г. Тоқойдың, М. Жәлилдің естелік кештері дәстүрлі іс-шараларға айналып кетті.

Облыстан тыс аймақтарда қазақ, орыс және татар тілдерінде ән орындайтын «Ғалиябану» фольклорлық ансамблі кеңінен танымал. Жастар болса артта қалмауға тырысады: жастар қанаты мен «Яшьлек» би тобы белсенді жұмыс істейді.