Су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау жалғасуда

Су тасқынының басында жарияланған Достық үйінде ұйымдастырылған көмек қабылдау пунктінде зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау жалғасуда.
Азаматтар бастамашылық пен жанашырлық танытып, азық-түлік, жуғыш құралдар мен төсек-орын жабдықтарын өз есебінен сатып алып, оларды Достық үйіне әкелуді жалғастыруда.
Мұндай азаматтар өте көп, олардың кейбіреулері: Дикая Е. Д., Сәкенов К., Ташенов Р. С., Қуанышбеков Е. А., Есенова А. К., Калишева Г. Ж., Таев Д., Балтабеков А. Е., Клаус В. В. және т. б. Сондай-ақ көмек көрсетуге Ү. Ыбырай атындағы Облыстық филармония, Орыс драма театры және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ғылыми орталығы және т. б. белсенді қатысады.
Азаматтар әкелген заттарды Достық үйінің қызметкерлері кезекшілікті ұйымдастырып, әкелінген заттарды жинап, сұрыптайды. Әрі қарай гуманитарлық көмек табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға таратылады және беріледі.
Зардап шеккендер көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін зор ризашылықтарын білдіреді.