Этномәдени бірлестік туралы мәлімет

Атауы: «Чинсон» кәріс этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі

Тарихи анықтама: Қоғамдық бірлестік 2015 жылдың 26 қазанында құрылды.

Төрайымы: Лим Людмила Константиновна. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары:  ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді дамыту  кәріс тілін үйрену; экономикалық базаны құру және өңірлік корей ұйымдарын дамыту, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, жастар қозғалысын қолдау; этносаралық келісімді нығайту және сақтау; халықаралық және мәдени байланыстарды орнату және дамыту.

Ресурстық базасы: «Чинсон» кәріс этномәдени орталығы» ҚБ құрамында 12 құрылтайшы бар. 2010 жылдан бастап «Шаңырақ» ТОК кәріс тілін оқыту бойынша сыныбы жұмыс істейді. Сыныпта 50-ден астам адам оқиды. Орталықта жастар қанаты, «Мисо» және «Ханбок» би ұжымдары белсенді жұмыс істейді. ТОК бір мезгілде шетелдік кәрістер Қорының қолдауымен кәріс орталығынан «Шаңырақ» мектебі жұмыс істейді (2015).

Негізгі жұмыстар: 2015 жылдың қараша айында Қазақстан кәрістер Қауымдастығының 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді, жыл сайын кәріс  ұлттық мерекесі –«Соллаль»  тойланады, бірлестік мүшелері ҚХАА аналар кеңесінің қайырымдылық акцияларына, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ барлық іс-шараларына қатысады.

Жетістіктері: 2012 жылдан бастап Л.К. Лим қоғамдық өмірдегі белсенді жұмысы және кәріс тілін дамытуға және жастармен жұмыс жасауға қосқан үлесі үшін жыл сайын облыстық және қалалық әкімдіктердің көптеген алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы кәрістер Қауымдастығының 25 жылдығы мерейтойлық медалімен, «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Байланыс ақпараты: Көкшетау қ., Васильковский ы/а, 28-үй, 12-пәтер, 8-775-536-78-87,33-07-30, lyudmila_lim@mail.ru