«Ақмола облысы поляктарының бірлестігі»

Төрағасы – Суховецкий Александр Анатольевич

Бірлестіктің құрылған жылы -1989 ж.

«Ақмола облысы поляктарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің негізгі міндеттері ұлтаралық қатынастарды нығайту, көп қырлы қазақ және поляк мәдениетінің ортасында құрылған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық, өзара түсіністік, құрмет сезімдерін тәрбиелеу болып табылады. Бірлестіктің бөлімдерді де қарқынды дамып келеді: Астрахан ауданының Первомайка ауылында он жыл бойы поляк үйі жұмыс істейді, Астрахан ауданы Поляктар одағы қызмет етеді, 27 жыл бойы «Полония» фольклорлық ансамблі өз шығармашылығымен қуантып келеді. 1992 жылдан бастап Шортанды ауданының «Поляне» поляктар қоғамы жұмыс істейді, Степногорск Достық үйінде де поляктар лайықты орынға ие болады. Сонымен қатар барлық осы бөлімдерде поляк тілі оқытылады.

Түйін жобалар:

Білім берушілік – «Ақмола облысы Поляктарының бірлестігі» жанында 20 жылдан астам уақыт бойы барлық қалаушылар үшін поляк білім беру орталығы жұмыс істеуде, ол қажетті жабдықтаулармен және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтылған. Сабақтар Қазақстан мен Польша оқытушыларымен күн сайын балаларға, жастарға, ересектерге арналып тегін өткізіледі.

Мәдени – 7 жыл бойы поляк әнінің «Поющая Полония» Республикалық фестивалі өткізілуде. Поляк мәдениетінің ән жанрына деген махаббат барлық Қазақстаннан жиналған орындаушыларды сахнада біріктіреді. Ауыспайтын идеялық шабыттандырушы және фестивальдің директоры Людмила Суховецкая болып табылады. Қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық халық шығармашылығы фестивальдерінің бірнеше мәрте қатысушысы «Поляне» фольклорлық ансамблі белсенді дамуда.

Қайырымдылық – Су тасқындарынан зардап шеккен адамдарға арналған «Өз жылуыңмен бөліс». «Ақмола облысы поляктарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің жастар қанатының бастамасымен құрылған «Мейірімділік жолымен» ұзақ мерзімді еріктілер жобасы өз қызметін 2015 жылдың наурыз айында «20 игілікті іс» акциясы аясында бастаған. 2015 жылдың тамыз айында «KZ еріктілері» еріктілер орталығының ашылуы ҚХА жылын тойлау мерекесіне ұласты, ал еріктілер Краков қаласында еріктілік халықаралық мектебінде оқудан сәтті өтті.

Жобаның барысында іске асырылған қайырымдылық акциялары: Щучинск қаласындағы «Балалар үйінің» балаларына арналған қайырымдылық жәрмеңкесі, Көкшетау қаласының МСУ науқастарына арналған “Christmas PARTY” қайырымдылық балы «Кәмелет жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығының» балаларын қолдауға арналған «Бүлдіршінге арналған кітап» акциясы, балаларды қорғау күніне арналған дәстүрлі «Балалар кинозалы».


Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.