«Қазақ тілі мен мәдениеті»

қоғамдық бірлестігі

Төрағасы – Қиықов Мейрамбек Қиықұлы

2011 жылы тіркелген, бірлестік қызметінің негізгі мақсаты мемлекеттік тіл мен мәдениетті дамыту болып табылады.

Қызметінің негізгі бағыттары: облыстық және қалалық білім, мәдениет, тілдерді дамыту басқармаларымен, жоғары оқу орындарымен және арнайы орта оқу орындарымен, мәдениет пен спорт мекемелерімен, діни бірлестіктермен жастар, оқушылар мен мектепке дейінгі жас шамасындағы балалар арасында мәдени-ағартушылық, тәрбиелік-адамгершілік жұмыстарды бірлесіп іске асыру мақсатында серіктестік байланыстарды ұйымдастыру.        

М.Қ. Қиықовтың авторлық жобалары:

«Қ.И. Сәтпаев – 20 ғасырдың ұлы ғалымы», осы жобаны іске асыру нәтижесінде Көкшетау қаласы мектептерінің 19 түлегі Семей геологиялық барлау колледжіне оқуға түсіп, сәтті аяқтады. Қазіргі уақытта олар еліміздің тау-кен өндірісінің түрлі салаларына жұмыс істейді.

«Р. Елебаевтың елі» – ғылыми-практикалық конференцияларды өткізу, облыс аудандарында жастармен жыл сайын кездесу дәстүрге айналды. М. Қиықовтың авторлығымен «Рамазан Елебаевтың елі» кітабы жарық көріп, «Құдықағаш –  1929» стелласы орнатылды, сол жерде ҰОС қатысушыларының мемориалын жөндеп, толығымен қайта құрды.

«Алтын сақа» – «Асық ату» ұлттық ойыны бойынша облыстық, қалалық жарыстар өткізу. Осы жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 2011 жылдан бастап ойынның бұл түрі Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түріне айналды.

«Алтын адам» – осы жобаның аясында 2014 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік тілді, тарихты, мәдениетті, дәстүрлер мен салттарды дамытуды насихаттайтын және облыс халқының рухани бірігуін нығайтатын «Көкше Дидары» газеті қазақ және орыс тілдерінде жарық көре бастады.


 

 

 

 

 

 

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.