«Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі

Төрайымы – Мащинская Елена Ивановна

Ақмола облысында 2014 жылы тіркелді. Бірлестік қайырымдылық жасау, чуваштардың этномәдени құндылықтарын сақтауға жәрдемдесу мақсатында құрылды.

Бірлестік Ақмола облысында тұратын чуваштар туралы деректер жинау бойынша жұмыс жасауда. Жастар қанаты құрылды, «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінде чуваш тілін оқыту бойынша сынып жұмыс істейді.

Еңбек ардагері, алғашқы тың игеруші, өнертапқыш Троицкий Осип Семеновичтің портрет-кеші және ҚР лайықты өнер қайраткері Тарасов Валерий Васильевичтің мерейтойлық кеші өткізілді. Орталықтың белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ өткізетін іс-шараларға белсенді қатысады.

Халық шығармашылығын дәріптеу мақсатында орталық «Сұлулық әлемді құтқарады» кестелеу бойынша байқау-көрмесін өткізді, қала мектептерінің оқушылары қатысқан ұлттық отбасы күніне арналған суреттер байқауы үлкен қызығушылық тудырды.

Орталықтың төрағасы, Мащинская Елена Ивановна облыстың басты меценаттарының бірі болып табылады. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған қабаттарына, мүгедек балаларға, Мейірімділік үйіне, Қызыл Крестке қолдау көрсетеді, жалпы қалалық іс-шараларға белсенді қатысады, КВН лигасына, ауғандықтар қоғамына, саңыраулар қоғамына, медициналық-әлеуметтік мекемеге, облыс спортшыларына, мешіт құрылысына, су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау жасайды.


Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.