Этномәдени бірлестік туралы мәлімет

Атауы: «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы

Тарихи анықтама: Қоғамдық бірлестік 2008 жылдың 25 наурызында құрылды.

Төрағасы: Шихалиев Назим Абыоглы.

Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары: бірлестік өз қызметінде қайырымдылыққа көп көңіл бөледі. Наурыз мейрамын және Қазақстан халқының бірлігі мерекесін тойлау кезінде жомарт жайылатын ұлттық дастархан үйреншікті жағдайға айналған. Жеңіс күні де тойланады. Көкшетау қаласының әзірбайжандары жаңа мешіттің құрылысына өз үлестерін қосты. Бірлестік тек қайырымдылықпен ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-саяси қызметпен де айналысады, облыс аудандарында дәріс оқиды, бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді.

Ресурстық базасы: «Қоғамдық келісім» КММ жанында әзірбайжан бірлестігінің кабинеті жұмыс істейді.

Негізгі жобалары: ҚХА құрылған сәттен бастап «Әзірбайжандар қауымдастығы» РҚБ Ақмола облысының филиалы Ассамблея бастамашылық еткен барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Бірлестік өкілдері қайырымдылық жұмыстарын жүргізуде.

Жетістіктері: «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі (2015ж), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі.

Байланыс ақпараты: Көкшетау қ., Привокзальная к-сі 14/25, тел: 8-701-216-62-29, 8-775-730-77-16, dom_druzhby@bk.ru


Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.