«Ақмола облысының орыс қауымдастығы»

қоғамдық бірлестігі

 

Төрағасы – Артеменко Александр Александрович

2013 жылы тіркелген. Қоғамдық бірлестіктің қызметі қазақстандық отансүйгіштікті, ұлтаралық келісім мен толеранттылықты қалыптастыруға, дәстүрлерді, мәдениет пен тілді нығайтуға және сақтауға бағытталған.

Қалыптасқан күннен бастап «Ақмола облысының орыс қоғамы» ҚБ Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының барлық іс-шараларына, қала мен облыстық қоғамдық өміріне қатысып қана қоймай, сонымен қатар Масленица мерекелері, славян жазуы мен мәдениеті күні сияқты өңірдегі ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған көптеген іс-шаралардың бастамашысы мен ұйымдастырушысы болып табылады.

Жыл сайын Отан туралы көптеген тілдерде ән шырқалатын «Менің Қазақстаным» ән байқауы, сонымен қатар 50 жылдан артық бірге өмір сүріп келген отбасылардың қатысуымен отбасы күні өткізіледі.

Жастар қанаты белсенді жұмыс істейді: оның мүшелері көптеген қажетті және пайдалы акциялар өткізеді: «Сенің бір тамшы қаныңда біреудің өмірі бар», Ақмола облыстық балалар емханасының кішкентай науқастарына арналған қайырымдылық акциясы. Осымен қатар, бірлестікте белгілі «Русская песня» халық ансамблі мен ән студиясы белсенді жұмыс істейді.


Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.