«Ақмола облысының қазақ-түрік
мәдениеті және достығы орталығы»
2013 жылы тіркелген, бірлестіктің басты мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту, мәдени, ғылыми, іскерлік және басқа да қатынастарды бекіту.
Этномәдени бірлестіктің негізгі басымдықтарының бірі – әлеуметтік қамқорға мұқтаж адамдарға көмек көрсету.
Орталықтың жастар қанаты белсенді жұмыс атқарып келеді: оның мүшелері әрдайым қайырымдылық акцияларын өткізіп тұрады. Мысалы, Ақкөл балалар үйінде «Айналайын» қайырымдылық акциясын өткізді, су тасқыны салдарынан шығынданған отбастарына, жалғызбасты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетілді. Жастар қарт адамдарды да ұмытпайды – қарттар, мүгедектер тұратын пансионаттарда болып, концерт қояды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |