«Ақмола облысының өзбек ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі
Бірлестік 2014 жылы тіркелген. Қызметінің негізгі мақсаттары қайырымдылық қызмет, халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтуға жәрдемдесу, жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.
Бірлестік Ақмола облысында тұратын өзбектер туралы ақпарат жинау жұмысымен айналысады. Жастар қанаты құрылып, белсенді жұмыс істеуде: оның төрағасы Нұралиева Индира – облыстық және республикалық іс-шараларға белсенді қатысады, оның ішінде ағымдық жылдың тамызы айында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» республикалық фестивалінде өзін-өзі кәсіби жағынан көрсете білді.
Бірлестіктің жұмысының басты бағыттарының біріне қайырымдылық қызмет жатады: ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне, мүгедек балаларға, мұқтаж отбасыларға қолдау және қайырымдылық көмек көрсету.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |