ҒСТ-ның 2019 ж. қызметі

Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми – сараптамалық топ – тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-талдау органы, оның мақсаты Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі қызметін ғылыми – сараптамалық сүйемелдеу болып табылады (бұдан әрі – ҒСТ).

ҒСТ облыстың жетекші жоғары оқу орындары ғалымдарының жұмысын біріктіреді. Оның құрамына гуманитарлық бағыттың өкілдері – саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, тарихшылар, психологтар, лингвистер, заңгерлер кіреді. Оның ішінде: 4 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, 3 магистр бар.

ҚХАА жанындағы ҒСТ төрағасы – тарих ғылымдарының кандидаты, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі -Қапышев Ардақ Қайыржанұлы болып табылады.

ҚХАА жанындағы ҒСТ бекітілген Ережеге сәйкес әрекет етеді және жыл сайынғы жұмыс жоспарларында көрсетілген іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.

Оның отырыстарында мемлекеттік этносаясаттың негізгі мәселелері талқыланады, аймақтағы ғылыми, әдістемелік, сараптамалық-талдау қызметін жетілдіру бойынша идеялар мен тұжырымдамалар, облыстағы этносаяси, әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін кешенді сараптамалық бағалау, өңірдегі осы үдерістердің дамуын болжау ұсынылады.

2019 жылдың басынан бастап ҒСТ 2 ғылыми-практикалық конференция, 3 дөңгелек үстел, 1 семинар,  этносаралық тақырып бойынша дәрістер легін ұйымдастырды.

2018 жылы ҒСТ жұмыс тобы «Ақмола облысы жастары арасында этносаралық келісімді қалыптастырудың негізгі факторлары» тақырыбы бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізді.

Ақмола ҚХА хатшылығының бастамасымен Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында Алғыс күніне арналған «Мен алғыс айтамын…» атты шығармалар/эссе байқауы өткізілді,  қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған 2 ғылыми жоба байқауының аймақтық кезеңдері, сондай-ақ жастар арасындағы Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытуға арналған «Мен-Қазақстандықпын!» әлеуметтік роликтер байқауы  ұйымдастырылды.

Есеп беру кезеңінде ҒСТ мүшелері 2 ғылыми жоба дайындады, 7 монография, 5 ғылыми мақала шығарды.

ҒСТ мүшелерінің ғылыми еңбектері: Кукубаева А. Х. Гран-при (2019ж.), Свинарчук А. И., Сагындыкова Ж. О. Н. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған республикалық байқауының 2 дәрежелі дипломдарымен марапатталды (2018ж.).

Қазіргі уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҒСТ «Ақмола облысының көпэтникалық халқының қалыптасуының тарихы мен дамуы» атты ұжымдық монографиясын басып шығаруға дайындалуда.

ҒСТ мүшелерінің басқа да іс-шараларының ішінде – қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша жұмысшы, студент жастармен кездесулер ұйымдастыру істері бар.