«Бари» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі

Төрағасы -Маглямян Норик Ашотович

Бірлестіктің қызметінің мақсаттары Қазақстан Республикасының халықтары арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайту, армян халқы тілінің, ұлттық мәдениетінің сақталуына жәрдемдесу, ең жақсы дәстүрлерін, салт-жораларын дамыту, сонымен қатар қайырымдылық қызметпен айналысу болып табылады.

Ақмола облысында «Бари» армян мәдени орталығы өз жұмысын 2008 жылдан бастап жүргізіп келеді. Облыс бойынша армяндардың саны шамамен 2 000 адамға жетеді. Олардың айтарлықтай бөлігі Көкшетау, Макинка және Атбасар қалаларында өмір сүреді.

6 жыл бойы «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінде армян тілін оқыту бойынша сынып ашылған. Жастар қанаты, «Нэмрут», «Аревнер» би ұжымдары белсенді жұмыс істейді.

Армян ұлтының өкілдері өздерінің игілікті істерімен танымал. Осылай, «Бари» армян мәдени орталығының төрағасы Норик Магламян қайырымдылық шараларының бастамашысы болып табылады. Оның тікелей қолдауымен және бастамасымен 11 жылдан артық уақыт бойы Көкшетау қаласындағы №1 облыстық арнайы түзетуші мектеп-интернатындағы психикалық дамуы артта қалған және ақыл-ой кемістігі бар балаларға көмек көрсетілуде.


Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.