Этномәдени бірлестік туралы мәлімет

Атауы: «Ақмола облысының  «Хатиква» еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі

Тарихи анықтама: Еврей мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі 2000 жылдың 28 қаңтарында құрылды.

Төрағасы: Погребицкий Владлен Владимирович. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары: іс-әрекеттің негізгі бағыты – еврей халқының көпғасырлық, күрделі және қайғылы тарихын, оның бай мәдениетін, мерекелері мен дәстүрлерін зерттеу.

Ресурстық  базасы: «Қоғамдық келісім» КММ-де кабинет жұмыс істейді. 2000 жылы медициналық қызмет, «Хозяюшка» клубы, «Цимес» аспаздық клубы, «Шалом, мишпаха, иуди» отбасылық клубы ұйымдастырылды.

Негізгі жобалары: мерекелер мен атаулы күндерге арналған кітап көрмелері, «Атақты еврейлер» цикліндегі дәрістер. Жаңа төрағаның келуімен бірлестіктің жұмысы жандана түсті – орталықта еврей этносының халықтық мерекелері атап өтіледі.

Жетістіктері:

Байланыс ақпараты: 8 707 349 69 81, Vladlen-69@mail.ru, Көкшетау қ-сы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 41 үй, 21 пәтер