Ракты жеңген сегіз жасар Жанель Бейсеноваға арналған «Сарқыт»!

(Көкшетау қаласында «Қайырымдылық керуені» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы аясында «Сарқыт» айлығы бастау алды).

«Қайырымдылық керуені» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын қолдау мақсатында 2019 жылғы қаңтар айының алғашқы күндері Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, ҚХАА-ның жанындағы Аналар кеңесі, Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-сі Көкшетау қ. Бейсеновтер отбасына барудан «Сарқыт» айлығын бастады.

Айта кетсек, ақмолалықтар 2017 жылдың қаңтар айында БАҚ арқылы «Миело-диспластикалық синдром (МДС) диагнозындағы ауыр науқасқа ұшыраған сол кездегі бес жасар көкшетаулық Жанель Бейсенова есімді қыз туралы білді. Рефрактерлік анемия, түсінікті тілмен айтқанда қан ауруы. Сол сәттен бастап оның өмірі үшін күрес басталды. Жас бүлдіршін қызды шетелде жасалатын ми сүйегін ауыстыру отасы ғана құтқару мүмкін еді. Дәл осы тұста өз қыздарының аса құнды отасына қажет қаражатқа мұқтаж болған ата-ана Жомарт және Айнагүл Бейсеновтерге ота жасауға, шетелдегі емханада тұруларына Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы көмек қолын созды. ҚХАА жанындағы Аналар кеңесі ұйымдастырған қайырымдылық акциясы арқасында Жанель Бейсеноваға қажетті қаражат жиналды.  Ол кезде кішкентай Жанелдің басына түскен қиындыққа бейжай қарамай, «Шын жүректен» атты акцияға облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік құрылымдардың және жеке ұйымдардың басшылары, этномәдени бірлестіктердің басшылары, қала тұрғындары қатысты.

2016 жылдың 22 желтоқсан күні «Medical Park» атты түрік емханасында бүлдіршінге ауыр ота жасалды.

…Бүгіндері Жанель – бұл өмірге құштар, өзгелермен әрдайым қарым-қатынас жасауға дайын екінші сынып оқушысы.

Отбасына келген  ассамблеяның қонақтары – ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова, «Бари» армян мәдени орталығы» ҚБ үйлестірушісі Рузанна Дегоян, әдістемелік қамтамасыздандыру және БАҚ-мен жұмыс бөлімінің басшысы Розалии Крушеваларды – Жанель және оның жетінші сынып оқитын ағасы Темірлан мен екі жасар қарындасы Нарғыз қарсы алды.

Балалардың көзіндегі қуаныш реңін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ақмола ассамблеясының «Сарқытына» кірген – жемістер, тәттілер, балаларға арналған киім, ойыншықтар – балалардың көңілінен шыққаны анық.

«Жанель үйде білім алу арқылы екінші сыныптың бағдарламасын меңгеруде. Үш айда бір рет Астанадағы Ана мен бала орталығынның онколгия бөліміне сараптама тапсырамыз». Негізгі қиындықтар артта алды деген сенім басым. Осыншама сынақтан өткенімізге кейде тіпті сену қиын. Ақмола ассамблеясына, біздерге көмек қолын созған және әлі де қолдау білдіріп келе жатқан жандардың баршасына айтар алғысым шексіз. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында біз мүмкін емес дүние жасадық. Ауыр науқасты жеңдік!», дей келе көз жасына ерік бере отырып, Айнагүл Олжабайқызы өз ризашылығын білдірді.

Бір ерекшелігі, Бейсеновтер отбасы – бұл рак ауруын жеңе білген Қазақстандағы жалғыз жанұя. «Ең бастысы біздің барлық балаларымыз аман-сау болып, Қазақстан жерінде бейбітшілік, достық, тұрақтылық салтанат құрса болғаны! Ассамблеяның игі істері барлық көмекке мұқтаж жандарға септігін тигізе берсін!», – деген жарқын тілектерін өздерінің тұрғылықты баспаналары жоқ, жалдамалы пәтерде тұратын, бірақ рухтары берік Жомарт және Айнагүл Бейсеновтер жеткізді.

Ал «Қайырымдылық керуені» өзінің ең асыл тілектердің орындалуына негіз болатын жақсылық пен мейірімділік сапарын одан әрі жалғастырады!

Бақыт Мухамедрахимова – Тасова, Ақмола облысы әкімінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз хатшысы.

Автордың фотосы.