Әже тәрбиесі – ұлылықтың дәні

Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесін жанынан құрылған «Әжелер клубының» мүшелері Кожахметова Сара Кажиакпаровна мен Койшина Сауле Даулетбековна «Әже тәрбиесі – ұлылықтың дәні» жобасы аясында «Аққу» балабақшасының тәрбиеленушілерімен кездесіп, ертегі айтып, ұлттық ойынымыз – «Асық ату» ойынын ойнап, балаларға «асық» туралы мәлімет айтып берді.
Іс-шараның мақсаты тәрбие процесін ұйымдастыруда балабақшаларға, мектептерге көмек көрсету, отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау. қоғамда әжелердің рөлін арттыру болып табылады.