Этномәдени бірлестік туралы мәлімет

Атауы: Ақмола облыстық «Видергебурт»  немістер қоғамы»

Тарихи анықтама: Ақмола облыстық «Видергебурт»  немістер қоғамы» 2001 жылғы 16 ақпанда құрылды.

Төрайымы: Корнеева Светлана Георгиевна. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі.

Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары: бірлестік түрлі қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырады, неміс ұлттық мерекелері мен күндерін, Қазақстан Республикасының мерекелерін атап өтеді. Неміс тілін үйренуді ұйымдастырады, неміс суретшілерінің, ақындарының, жазушыларының, композиторларының және ғалымдарының шығармашылығын, әлемдік мәдениет жетістіктерін насихаттаумен айналысады, шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар құруға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдеседі, тұрмысы төмен азаматтарды қолдау бойынша қайырымдылық, медициналық-әлеуметтік іс-шараларды жүзеге асырады.

Ресурстық базасы: «Қоғамдық келісім» мекемесінде бірлестіктің кабинеті бар, жастарға арналған білім беру, спорттық-сауықтыру, бос уақытты өткізу іс-шараларын іске асыратын «Zodiak»  неміс жастарының клубы жұмыс істейді, «Гитарен брюм» вокалдық тобы бар.

Негізгі жобалары: неміс тілін, салауатты өмір салтын және вело-көлікті насихаттауға бағытталған «Fahrradsprachmarathon» жастар жобасы. Грант беруші: ҰБТ тапсыруға дайындыққа бағытталған 9-11 сынып оқушыларына арналған Қазақстан немістерінің «Возраждение» қауымдастығы, «Факультативтік білім беру мектебі».  1996 жылдан бастап мынадай ұзақ мерзімді жобалар жұмыс істейді: «Тіл жұмысы» – балалар мен ересектерге арналған неміс тілін оқыту курстары; мүгедектерге, еңбекшілерге, аз қамтамасыз етілгендерге қолдау көрсету жөніндегі «Әлеуметтік-медициналық көмек көрсету станциясы» ; «Неміс мәдени орталықтарының желісі» неміс халқының мәдениетін сақтау және дамыту бойынша іс-шаралар өткізу. 2015 жылы «Wunderkind»  балаларды дамыту орталығы ашылды.

Жетістіктері: Қоғамда азаматтық бейбітшілік пен этносаралық келісімді нығайту жөніндегі белсенді жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Конституциясына -10 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Байланыс ақпараты: 8-701-658-65-00, 76-32-27,wiedergeburt@list.ru