Көкшетау қаласының Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде ашылған «Балқадиша» қыздар клубы Жастар жылында алдарына үлкен міндеттер қойып отыр!

Өткен сәрсенбі күні Көкшетау қаласының Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде ашылған «Балқадиша» клубы ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің жанындағы құрылған сегізінші қыздар клубы болды.

Бір айта кетерлік жағдай, жаңа клубтың жұмысы Астана қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының салтанатты ашылу күні бастау алғандығы.

Зере Қиықова жетекшілік ететін ҚХАА-ның жанындағы Аналар кеңесінің қызметі туралы облыстан тыс жерлерде де белгілі. Өз жасына қарамастан аса белсенді кеңес төрайымы, болашақ аналарды, отбасы ошағының сақтаушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету, әрі отбасы құндылықтарын насихаттау мен дамыту арқылы, болашақ отбасылық ынтымаққа, ата-аналық табысқа қол жеткізуге болатындығына сенімді. Сондықтан, қыздарды физикалық және рухани-адамгершілік тұрғыдан дамытуға, оларды түрлі шығармашылық қызметке араластыру, қабілеттерін жетілдіруге негізделген қыздар клубтарын ашу  – Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің ең бірінші міндеті саналады.

Көкшетау қаласы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжіндегі кәсіби ұйымдастырылған іс-шараға қарап, жаңа клубтың алдына қойылатын мақсаттардың сапалы орындалатынына сенім мол.

Көрермен қауымның ұзақ та зор қошеметіне ие болған колледждің талантты түлегі Семетай Ақылдастың орындауындағы атақты Ақан серінің «Балқадиша» әні іс-шараның өзегіне айналғанын атап өткен жөн.

Фархатбек Қанафин жетекшілік ететін «Театралды ұжым режиссері» мамандығындағы колледж студенттері Ақан сері мен Балқадишаның кездескен сәтінен шағын көрініс орындады.

Кейін келе көрнекті ұлттық киімдердегі «Балқадиша» қыздар клубының қатысушыларының сахна төріне шығуы жиналған жұртшылықтың есінде қалар көрініс болғаны анық.

Ерекше мерекелік көңіл-күйді жас қатысушылар Абзал Жұмабек пен Бағызор Ерболқызының арасында өткен айтыс сыйлады.

Дәстүрлі лента қию рәсімін ҚХАА-ның жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова мен қыздар клубының төрайымы Айтжан Настайқызы өткізді.

Іс-шараның барлық қатысушылары ішінде білім беру мекемесінің білікті басшысы Құралай Ыдырысова басқаратын Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің талантты және шығармашыл студенттерінің жетістіктері жарияланған облыстық «Жер шоқтығы» әдеби-қоғамдық журналының  бір данасын сыйға алды.