«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының басталуы.
Біздің елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Бірінші апта 6-13 сәуір аралығында «Таза өлке» атауымен өтеді. «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері осы акцияға алғашқылардың бірі болып қосылып, Достық үйінің аумағын тазалауға шықты.