Студенттермен кездесу

Көкшетау қаласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А.К.Раевтың Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Халықаралық қатынастар», «Тарих», «Дене тәрбиесі», «Дизайн», «Педагогика, бастауыш оқыту әдістемесі» т.б. мамандықтары бойынша оқитын студенттерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында студенттерге Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған негізгі тезистер мен идеологмалар, этносаралық қатынастар саласындағы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, медиация және этномедиация туралы ақпарат, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180 және 174-баптары бойынша жауапкершілік, ксенофобия, ұлтаралық шиеленіс бойынша түсінік беріліп, қақтығыстардың алдын алу туралы айтты. Кездесу соңында студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.