Архивы автора: Abeke

Президент кеңесшісімен кездесу

29 қазанда “Қоғамдық келісім” КММ-де ҚР Президентінің кеңесшісі М. Н.Отарбаевтың Көкшетау қаласының қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесуі өтті. Оған ҚХАА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшылары қатысты.

Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысының елдің саяси және экономикалық өмірін жаңғыртуға, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформалары туралы айтып берді. Кездесу барысында қатысушылар Президенттің реформаларына қолдау білдіріп, елордалық облысты одан әрі дамыту жөнінде тілектерін білдірді.

 

«Қоғамдық келісім» КММ басшысының блогына қош келдіңіз

Нугманов Ермек Бекенович

Біздің сайттың құрметті қонақтары!

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекеме сайтына қош келдіңіз! Біздің мекеме этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету және оның іс – шараларын өткізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады. Біздің сайт сізге білім беру жүйесі мәселелері бойынша қажетті ақпаратты іздеу уақытын айтарлықтай қысқартып, нақты көмек көрсетеді деп үміттенеміз.

Біз сіздермен облысымыз бен бүкіл тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі үшін өзара тиімді ынтымақ тастыққа дайынбыз! Сіз өзіңізді қызықтырған сұрақтар қойып, құзыретті жауаптар ала аласыз.

Барлық бастамаларыңызға табыс және сәттілік тілейміз!


Өмірбаяны

Туған күні: 20.09.1957 ж

Туған жері: Қазақ КСР; Ақмола облысы; Алексеевка ауданы; Байлості ауылы

Отбасы жағдайы: үйленген, үш баласы бар

Тілдерді білуі: Қазақ, орыс

Білімі, мамандығы (біліктілігі):  Целиноград ауылшаруашылық институты (1982) «ғалым-агроном» мамандығы бойынша

Еңбек қызметі

Совхоз механизаторы (1975);

Агроном-есепші, аға экономист, бригадир, аға, бас экономист (1979-1993);

Экономика басқармасының бастығы – Көкшетау ауданы әкімшілігі басшысының, әкімнің орынбасары, әкімінің бірінші орынбасары (1993-1997); Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары (1997-2004);

Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы  басқармасының басшысы (07.2004-10.2004);

Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімі (10.2004-09.2007);

Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі (09.2007-04.2012);

Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары (07.2012-06.2014);

Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі (06.2014-2018);

Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімі (04.2018 -10.2020)

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы (2020 жылдың қазан айынан бастап)

Мемлекеттік және халықаралық наградалары: Құрмет ордені

Медальдар: «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл»

Ассамблеядан шыққан депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктелген


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде бірнеше рет атап өткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясы және ҚР Конституциясы – бұл тұрақтылықтың, жаңғырудың және өркендеудің іргетасына айналған екі ұлы құндылық.

Бүгінде Қазақстанның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлігінің үлгісі – әлемнің көптеген елдері үшін лайықты үлгі. Кейбір елдерде халықтар достығы мен олардың бір аумақта бейбіт өмір сүру мәселелері қазір ерекше өткір сауал саналады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің азаматтық қоғам моделіміздің беделін ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де арттыру үшін құрылған.

А. ж. 11 желтоқсанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерге бүгіндері үлкен жауапкершілік жүктелген. Олардың ең негізгілеріне ҚХА қоғамдағы беделін, оның этносаралық қатынастар саласындағы жанжалды жағдайларға жол бермеу және қоғамдық тұрақтылықты нығайтудағы рөлін арттыру жатады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар арасында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының өкілі, жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу, олардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін, өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін жетілдіру істерінде тығыз ынтымақтастық жасайтын тәжірибелі педагог Дементьева Наталья Григорьевна бар екенін естіп, қатты риза болдым.

Лим Людмила,
Ақмола облысының
«Чинсон» кәріс этномәдени орталығы»
ҚБ төрайымы