Жастар салмақты әңгіме қозғады
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру мен дәріптеу бойынша дәріс өткізілді.
Іс-шараның спикері Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Қ. Қиықов. Өзінің жастарға айтар сөзінде Н. Назарбаевтың мақаласы ұлтты біріктіруге бағытталған жаңа тарихи құжат болып табылатынын айтты. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, мақалада «Мәнгілік Ел» идеясын жүзеге асыру арқылы бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелейтін әдістерге ерекше назар аударылды. Осылайша, Президенттің үндеуі бірінші кезекте жастарға арналған.
Университеттің студенттері мақаланы талқылауға белсенді қатысып, қазақ әліпбиінің 2025 жылға дейін латын әліпбиіне алмасуына жоғары қызығушылық танытты. Оқытушы Р.Елубаев жаңа әліпбиге өтудің технологиялар саласында жаңа жолдар ашатынына сенімді, соның арқасында ұлт әрі қарай дамып, әлемнің дамыған елдерінің көрсеткіштеріне қол жеткізеді деген сенім білдірді.
Мейрамбек Қиықов Елбасының білім саласын дамытуға көп назар аударатынын, себебі білімді құрметтейтін ұлт әрқашан да биік белестерден көрінетінін ескертіп, университет студенттеріне өмірден өз орнын тауып, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары болуына тілек білдірді!
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз орталығы