Алғыс айту күні
2018 жылғы 1 наурызда Алғыс айту күнін тойлау аясында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Отандық тарих және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы «Алғыс айту күні Қазақстан халқы бірлігінің символы ретінде» атты дөңгелек үстел өткізді.
Алғыс айту күні – бұл Қазақстанға келген әр түрлі этностың миллиондаған адамын, оның ішінде қайғылы оқиғалар салдарынан қонақжайлылықпен қабылдаған Қазақ жері мен оның халқына ризашылық білдіру. Бұл еліміздің барша азаматының бір-біріне құрмет көрсетуі, ортақ тарихымызды қадірлеп құрметтеу күні, өзара жәрдем мен қолдау көрсету күні.
Қазақстанға жер аударылған халықтың тағдыры, оларды қабылдап, аяққа тұрғызған жаңа Отандағы тағдыры жайлы ағылшын және неміс тілінің болашақ мұғалімі, 1-курс студенті Ольга Штайнпрейс айтып берді. Оның курстасы Кристина Гиршфельд Қазақстанға депортацияланған немістердің жағдайына тоқталып, олар үшін біздің ел Отаны болып қала беретініне назар аударды. Қиыншылық жылдары көмек қолын соза білген қазақ халқына ризашылық білдірді. Болашақ педагог Вероника Стахальская соғыстан кейінгі жылдары көмектескен қазақ халқының достығы жайлы жылы сөз айтқан поляктар туралы әңгімеледі. «Дизайн» мамандығының студенті Лида Сампиева және «Заңтану» мамандығынң студенті Ширин Суюн де қазақ жеріне қамқорлық жасап, нан-су бергені үшін өздерінің алғысын білдірді.
Іс-шарада бейнеролик көрсетілді. Онда әр түрлі этнос өкілдері мейірімділік танытқан және сол адамдарды туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айтып жатты.
Қорытындылай келе, кафедра меңгерушісі К.Т. Базаров барша жиналғандарды Алғыс айту күнімен тағы бір мәрте құттықтап, бұл күн барша қазақстандықтарды одан бетер жақындастырып, жақсы іс-әрекеттері үшін бір-біріне ризашылық білдіруіне мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мереке соңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, «Қоғамдық келісім» КММ-нің атынан аталмыш іс-шараға белсене атсалысқаны үшін дөңгелек үстел қатысушыларына алғыс хаттар және «Достық пен келісім өлкесі – Аqмоla» атты кітап берілді.
Отандық тарих және ҚХА кафедрасының ақпары