Жылулық пен мейірім мерекесі

Қоғамдық келісім сарайында жарқын пасха мейрамы болып өтті. Пасха іс-шарасын Ақмола облысының поляктар бірлестігі, «Бари» армян мәдени орталығы және чуваш этномәдени орталығы бірлесе өткізді.

Мерекелік безендірілген залға қаланың тұрғындары мен қонақтары жиналды. Шараны жүргізуші Людмила Суховецкая мерекемен құттықтай отырып, Пасха ежелгі және ең маңызды христиан мейрамы екенін атап өтті.

 

 

Хатшылықтың меңгерушісі Ринат Галлямов жиналғандарды қошеметтеп, осындай бірлескен іс-шаралар этностарды бір-біріне жақындастырып, біріктіретінін атап кетті.

Әрбір этномәдени орталық өзінің пасхалық жөн-жоралғысымен қоса шығармашылық нөмірін таныстырды. Осы күні сахнадан 5 тіл – қазақ, орыс, поляк, чуваш пен армян тілі естіліп тұрғаны қуантты! Іс-шарадан соң ниет білдіргеннің бәрі мерекелік мол дастарханнан дәм татты.