Құттықтау

2018 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласында өткен «ҚХА үздік медиаторы» байқауының салтанатты марапаттау рәсімінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Прокопенко Леонид Андреевичтің қолынан, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті және медиация институтын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚХАА халықтық медиаторы  – Сыздықова Ғайша Ибрагимқызы марапатталды.

Ғайша Ибрагимқызы 2015 жылдан бері қоғамдық қызметпен айналысады, 2016 жылдан бастап Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ базасында өз қызметін жүргізетін халықтық медиатор болып табылады. ҚХАА-мен өзара ынтымақтастық аралығында Ғайша Ибрагимқызы 30-дан аса медиациялық келісім жасады. Оның қызмет ету салалары – азаматтық, тұрмыстық, жер дауы, еңбек, отбасы қарым-қатынасы, әкімшілік істер болып саналады. 20 жыл бойы Ғайша Ибрагимқызы Көкшетау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстық соттарының судьясы болып жұмыс жасады. Ғайша Ибрагимқызының ғылыми қызметтерінің ішінде 50-ден астам мақала және оқу құралдары бар. Ғайша Ибрагимқызы табысты еңбегі үшін «Үш би» Құрмет белгісімен, Судьялар одағының Құрметті мүшесі белгісімен, сот жүйесі ардагерінің белгісімен және т.б. марапатталды.

Біз өз тарапымыздан, Ғайша Ибрагимқызын құтттықтай отырып, алдағы уақыттағы жұмыстарда табыс, үлкен шығармашылық белестерді бағындыруды, медиация саласындағы еңбек тәжірибесін жетілдіре беруді тілейміз.

Құрметпен

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы,

«Қоғамдық келісім» КММ