Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы тұлғалар келбетінде

А. ж. 15 қаңтарында «Қоғамдық келесім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Көкшетау қаласының жұртшылығының Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі, журналист, аудармашы Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлымен кездесуі өтті. Биылғы жылы ол 70 жасқа толады.

Қоғам қайраткерін мерейтойымен ҚХАА хатшылығының меңгерушісі Тохаева М. Ю., Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Б. С. Сәрсенбаев, жазушы, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы В. А. Терещук, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Г. И. Яндиев, облыстық мәслихаттың депутаты Г. В. Осиненко және т. б. құттықтады.

Сөз сөйлеушілер Ғ. Т. Төлеғұлдың Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқы тілдерінің дамуына, қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті.

 

Төлеген Ғ. Т. әдебиет, негізінен аударма қызметімен белсенді айналысады. Оның жарияланымдары мен зерттеулерінің негізгі тақырыптары халық және туған өлке тарихы, саясаттану және түркология, әдебиеттану, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылық мәселелері болып келеді. Оның қазақ тілінен орыс тіліне аударған 45 кітабы, орыс тілінен қазақ тіліне аударған 23 кітабы жарыққа шыққан.

 

Қоғамдық қайраткер ретінде өзін ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы ретінде көрсете білді.