«Мен-Қазақстандықпын!» атты әлеуметтік бейнежазбалар байқауы

ҚММ «Қоғамдық келісім» КГУ, «Қоғамдық келісім»Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы ғылыми-сараптамалық топ өкілдерімен бірлесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Мен-Қазақстандықпын!» атты әлеуметтік бейнежазбалар байқауының қорытындыларын шығарды.

«Мен-Қазақстандықпын» бұл  – жастардың бойында креативті қабілеттерін дамытуға, жастар арасында бірегейлік пен бірліктің қазақстандық моделін насихаттауға, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған жоба.

Байқауға Ш. Уәлиханов атындағы КМУ, А. Мырзахметов атындағы КУ, Көкшетау техникалық институты, Жоғары техникалық колледж (Бурабай ауданы), Агротехникалық колледж (Есіл ауданы) және «Бурабай» коллледждері студенттері қатарынан 10 авторлық жұмыс келіп түсті.

Қазылар алқасының шешімімен  – Есіл ауданының «Юникс» қоғамдық бірлестігі байқаудың жеңімпазы болып  анықталды, екінші орынды – жоғары техникалық колледждің студенті Саят Сағымбаев, үшінші орынды Ш. Уәлиханов атындағы КМУ студенттерінің ұжымдық жұмысы иеленді.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың сәуір айында өтеді.