Медиация, әлеуметтік қақтығыстарды шешудің механизмі ретінде

2018 жылғы 7 қараша күні Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, ҚХАА халықтық медиаторы Ғ. И. Сыздықовамен бірлесе ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің, Ақмола облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық механизмдері» тақырыбындағы оқыту семинар-тренингіне қатысты.

Семинар-тренингке қатысушылар алдында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің адам құқықтары жөніндегі  ұлттық үйлестірушісі Гүлмира Қуанжанова құттықтау сөз сөйледі.

Семинар-тренингте Қазақстан Республикасы азаматтарының, азаматтық, еңбек, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері қаралды. Семинар барысында Сыздықова Ғайша қатысушылар назарын қоғамдағы болуы мүмкін еңбек және әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу механизмдеріне аударды.

Семинардың соңында Мемлекет Басшысының бес институционалдық реформасы мен бес әлеуметтік бастамалары, жаңа Жолдауы, оларды іске асыру тетіктері, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғыртудың ережелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Семинар-тренинг барысында қатысушылар адам құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс тәжірибелерімен алмасты. Комиссия сарапшылары тыңдаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.