Оңтүстік Кореядан делегация

Ақмола облысына Оңтүстік Кореядан бір топ бизнесмендер жұмыс сапарымен келді. Олар өңірдің құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларын инвестициялауға, атап айтқанда Көкшетау қаласында тұрғын үй кешенін, аграрлық сектордағы объектілерді салуға дайын.     А.ж. 17 тамызда делегация облыстық Достық үйінде болып, өңірде тұратын этностардың мәдениеті мен дәстүрлерімен танысты.

Толығырақ

Тараптар меморандумға қол қойды

Бүгін облыстық Достық үйінде Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келім» КММ мен Ақмола облысының білім басқармасы арасында медиацияны дамытудағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойылды.

Толығырақ

Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы №45 Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссияның басты міндеті - кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру. Халықаралық тәсілдер мен стандарттар негізінде материалдарға  жан-жақты және кешенді зерделеу жүргізілгеннен кейін қуғын-сүргін құрбандарын толық заңдық, ал жекелеген санаттарға қатысты саяси ақтауды жүзеге асыру жоспарлануда.

Толығырақ

Құрметті Ақмола облысының медиаторлар қауымы!

Ақмола облысының барлық медиаторларын кәсіби мерекелерімен, сонымен қатар, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 10 жыл толуымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтының дамуына 5 жыл толуымен құттықтаймын!

Толығырақ

1 60 61 62 63 64 92