Ағаштарға қамқор бол

#АғаштарғаҚамқорБол

#ВозьмиПодОпекуДерево

«Қазақстан аумағында бұл күндері жаздың аптап ыстығы орнап тұрғанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы «Ағаштарға қамқор бол\Возьми под опеку дерево» акциясын іске қосты. Аталмыш жоба аясында Ақмола облыстық Ассамблеясының жастар қанатының мүшелері қоғамдық акцияға қатысты. Төрт адамнан тұратын топ теннис корты мен облыстық Достық үйінің жанындағы саябақ аймағын қоқыстан, құрғақ бұтақтардан тазартып, ағаштарды суарды. Жастар қозғалысының төрағасы Вебер Владиславтың айтуынша, жасыл акция жаз бойы тұрақты түрде өткізілетін болады.