Сабын қайнату сабағы

А.ж. 21 шілдесінде «Қоғамдық келісім» КММ сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшесі Полещук Викторияның ұйымдастыруымен шеберлік-сабағы өтті. Сабақ сәндік-қолданбалы өнердің «Сабын қайнату» жаңа техникасы бойынша ұйымдастырылды.

Толығырақ

Шеберлік-сабағы

«Қоғамдық келісім» КММ жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің одағы құрамында 30 адам бар. Оның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында тұратын этностардың мәдени мұрасын сақтаушылар мен тасымалдаушылары ретінде халық кәсіпшілігін, халықтық сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылық әлеуетін қолдау және одан әрі дамыту.

«Қоғамдық келісім» КММ-де тұрақты түрде көрме залы жұмыс істейді. Мұнда шеберлер Одағы мүшелерінің жұмыстары қойылған. Сондай-ақ, одақ шеберлері мемлекеттік мерекелерге арналған халықтық сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының қалалық көрме-жәрмеңкелеріне қатысады. Оқу жылы барысында тәжірибелі шеберлер балаларды өз қолөнеріне үйретеді, шығармашылық мамандықтардың оқушылары мен студенттері, сондай-ақ жас әріптестер үшін жұмыс тәжірибесімен бөлісетін, шығармашылық қызмет дағдыларын беретін шеберлік-сабақтарын өткізеді.

Толығырақ

«Бірлік, татулық пен келісімнің 30 жылы»

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Қоғамдық келісім» КММ-де облыс әкімі Е. Б. Маржықпаевтың төрағалығымен «Бірлік, татулық пен келісімнің 30 жылы» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының XXIV сессиясы өтті.

Сессияда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының бұған дейін өткен XXIX сессиясында алғы қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды.

Облыстық сессия жұмысына ҚХАА мүшелері, этномәдени және діни бірлестіктердің басшылары, мемлекеттік мекемелердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар қатысты.

Қатысушылар алдында сөз сөйлеген облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Е. Б. Маржықпаев ҚХА-ның өткен XXIX сессиясында айтылған міндеттердің маңыздылығын және оларды шешуге барлық күш-жігерді жұмсау қажеттігін атап өтті.

 

Толығырақ

Халықтық қолданбалы өнер шеберлерінің байқауы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ерементау ауданыныңда «Менің Отаным-Менің Қазақстаным» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті. Оған 11 халықтық қолданбалы өнер шебері қатысты.

Байқауға қатысушылар қазылар алқасының назарына ағаштан, сүйектен, пластиктен, бисерден және матадан жасалған бұйымдар ұсынды. Әр жұмыс өзіндік орындалу шеберлігі және жоғары көркемдік талғамымен ерекшеленді.

Толығырақ

Жастармен кездесу

Астана күні қарсаңында «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мүшелерінің этномәдени бірлестіктердің жастар ұйымдарының өкілдерімен, ҚР ТЖМ КТИ курсанттарымен және Көкшетау қаласы полиция басқармасының жас қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Дөңгелек үстелде тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу тарихы, Елбасының қазақ мемлекеттілігін құрудағы, жаңа Астананы салудағы рөлі туралы еркін әңгіме болды.

Толығырақ

Аналар кеңесінің отырысы

А. ж.  29 маусымында Ақмола облысының Аналар кеңесі мүшелерінің, ішкі саясат басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті.

Кеңестің басты мақсаты – жастар бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және оларды тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау, неке және отбасы институтын нығайту.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары А.М. Раисов аналар  кеңесі біздің ұлттық құндылықтарымыз жанданып жатқан өзіндік мектепке айналғанын атап өтті. Кеңес мүшелері жас ұрпаққа біздің ұлттық құндылықтарымыздың, әдемі және өнегелі дәстүрлеріміздің мәні түсіндірілетін «Қоғамдық келісім» КММ жобаларына қуана қатысады. Ағымдағы жылдың ақпан айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Қазақтану» жобасы аясында «Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға» ұзақ мерзімді жобасы іске қосылды, оған  әртүрлі деңгейдегі Аналар кеңестері белсенді қатысуда.

Толығырақ

Құрметті келушілер!

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы «Қоғамдық келісім»  КММ «ASHYQ» жобасының қатысушысы болды.

А. ж. 28 маусымынан бастап «Қоғамдық келісім» КММ-не кіру «ASHYQ» қосымшасы бойынша жүзеге асырылады, ол арнайы QR-код арқылы келушінің мәртебесін анықтайды. QR-кодты алу үшін «ASHYQ» мобильді қосымшасын интернеттен жүктеу жеткілікті.

Толығырақ

1 61 62 63 64 65 92