«Ақ тілек: 30 жұпқа бақыт сыйлау» жобасы бастау алды

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясында ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің «Ақ тілек: 30 жұпқа бақыт сыйлау» жобасы бастау алды. Жоба аясында АХАЖ бөлімінде ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасының орынбасары А.Қ. Мухамедрахимова және «Әжелер мектебі» мүшесі С. Д. Қойшина естелік сыйлық тапсыра отырып, жас жұпқа «Аналардан бата беру» рәсімін өткізді.
Жобаның негізгі мақсаты: отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау және дамыту, неке және отбасы институтын нығайту ісіне үлес қосу, отбасы мәртебесін көтеру.

«Салауатты өмір салты үшін» атты хоккей турнирі өтті

26 қаңтар күні «Бурабай» спорт сарайында «Салауатты сана» жоба аясында ҚХАА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, «Зерделі Ұрпақ» ЖҚБ жетекшісі Г.К. Оразбаева және Ақмола облысы полиция департаментінің ұйымдастырумен ағарту ісінің үздігі – Қ.О. Төлебаевты еске алуға арналған «Салауатты өмір салты үшін» атты хоккей турнирі өтті.
Іс-шара нашақорлықтың алдын алуға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Мұндай бастамалар спортты дамытуға ғана емес, жастар арасында өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға да ықпал етеді.

ҚХАА этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесу

Бүгін Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары «Қоғамдық келісім» КММ басшылығымен кездесуі өтті. Кездесуде «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қ.Ғ. Шакшаков облысымыздың этномәдени бірлестіктерінің төрағаларын сәтті өткен аккредиттеумен құттықтады.

Бұдан басқа, Ақмола ҚХА этномәдени бірлестіктерінің қызметіне қатысты маңызды мәселелер, биылғы жылға арналған жоспарлар талқыланды. 1 наурыз – Алғыс айту күні, Наурыз мейрамы, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні сияқты алдағы маңызды іс-шараларды өткізу бойынша ұсыныстар енгізілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын және Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуын мерекелеу жоспарларына ерекше назар аударылды.

«Ұрпақтар диалогы» ғылыми-практикалық конференция

Бүгін Достық үйінде ҚХА 30жылдығын атап өту шеңберінде ұрпақтар сабақтастығына арналған «Ұрпақтар диалогы» ғылыми-практикалық конференцияcы өтті.
ҚХА мен ҚХАА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысқан жиынды Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айтбаев Досұлан Ерланұлы құттықтау сөзімен ашты.
Конференция жұмысына ZOOM арқылы қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары, «Социология» мамандығы бойынша PhD докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы Отар Эльмира Сәкенқызы, осы университеттің аға оқытушысы, Қазақстанның удмурт этникалық тобының өкілі Кошман Татьяна Васильевна казіргі таңда ұрпақтар арасындағы байланысқа қатысты мәселелерге ерекше назар аудару қажет екенін айтты.
Ақмола ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ермек Бекенұлы Нұғыман, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Яндиев Герихан Ибрагимович және басқа да сөз алғандар аталған тақырыпқа байланысты өздерінің тұшымды пікірлерін білдірді.
Ағымдағы жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Адал, қажырлы еңбекпен жетістікке жеткен біздің адамдар әрқашан құрмет пен абыройға ие болады. Өз ісінің мамандарының арқасында ұлтымыздың жаңа сапасы қалыптасуда. Екінші буындағы тау-кен өндіру саласындағы әулеттің жалғастырушысы «Алтынтау Көкшетау» акционерлік қоғамының қызметкері Игорь Александрович Барыбин жұмысшы мамандығы мәртебесі жайлы өз ойымен бөлісті.
Отырыс барысында бейбітшілік пен амандықты, Қазақстанның бірлігін бейнелейтін «Қасиетті сандық» мәдени-ағартушылық акциясының басталғаны жайлы «Қоғамдық келісім» басшысы Қуаныш Шақшақов жариялады.
Конференцияның қорытындысы бойынша резолюция қабылданды. Қазіргі таңда ұрпақтар арасындағы байланысқа қатысты мәселелерге ерекше назар аудару әбден орынды. Мұндай шаралардың өткізілуі рухымыздың асқақтауына зор септігін тигізері сөзсіз.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: адалдық пен жауапкершілікке жол»

Бүгін Достық үйінде жұмыс кеңесінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Айгүл Нұрмағанова «Қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: адалдық пен жауапкершілікке жол» тақырыбында сөйледі.
Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау корпоративтік мәдениеттің негізгі элементіне айналады.
Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – бұл мекеменің беделіне қамқорлық жасау ғана емес. Бұл оның табысы мен тұрақтылығына ұзақ мерзімді инвестиция. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен ада жұмыс ортасы моральдық ахуалды арттыруға, әріптестер мен серіктестер арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша тұрақты тренингтер мен семинарлар қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың не екенін ғана емес, онымен қалай күресуге болатынын түсінуге көмектесетіні сөзсіз.
Top