«Ұрпақтар диалогы» ғылыми-практикалық конференция
Бүгін Достық үйінде ҚХА 30жылдығын атап өту шеңберінде ұрпақтар сабақтастығына арналған «Ұрпақтар диалогы» ғылыми-практикалық конференцияcы өтті.
ҚХА мен ҚХАА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысқан жиынды Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айтбаев Досұлан Ерланұлы құттықтау сөзімен ашты.
Конференция жұмысына ZOOM арқылы қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары, «Социология» мамандығы бойынша PhD докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы Отар Эльмира Сәкенқызы, осы университеттің аға оқытушысы, Қазақстанның удмурт этникалық тобының өкілі Кошман Татьяна Васильевна казіргі таңда ұрпақтар арасындағы байланысқа қатысты мәселелерге ерекше назар аудару қажет екенін айтты.
Ақмола ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ермек Бекенұлы Нұғыман, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Яндиев Герихан Ибрагимович және басқа да сөз алғандар аталған тақырыпқа байланысты өздерінің тұшымды пікірлерін білдірді.
Ағымдағы жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Адал, қажырлы еңбекпен жетістікке жеткен біздің адамдар әрқашан құрмет пен абыройға ие болады. Өз ісінің мамандарының арқасында ұлтымыздың жаңа сапасы қалыптасуда. Екінші буындағы тау-кен өндіру саласындағы әулеттің жалғастырушысы «Алтынтау Көкшетау» акционерлік қоғамының қызметкері Игорь Александрович Барыбин жұмысшы мамандығы мәртебесі жайлы өз ойымен бөлісті.
Отырыс барысында бейбітшілік пен амандықты, Қазақстанның бірлігін бейнелейтін «Қасиетті сандық» мәдени-ағартушылық акциясының басталғаны жайлы «Қоғамдық келісім» басшысы Қуаныш Шақшақов жариялады.
Конференцияның қорытындысы бойынша резолюция қабылданды. Қазіргі таңда ұрпақтар арасындағы байланысқа қатысты мәселелерге ерекше назар аудару әбден орынды. Мұндай шаралардың өткізілуі рухымыздың асқақтауына зор септігін тигізері сөзсіз.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: адалдық пен жауапкершілікке жол»
Бүгін Достық үйінде жұмыс кеңесінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Айгүл Нұрмағанова «Қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: адалдық пен жауапкершілікке жол» тақырыбында сөйледі.
Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау корпоративтік мәдениеттің негізгі элементіне айналады.
Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – бұл мекеменің беделіне қамқорлық жасау ғана емес. Бұл оның табысы мен тұрақтылығына ұзақ мерзімді инвестиция. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен ада жұмыс ортасы моральдық ахуалды арттыруға, әріптестер мен серіктестер арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша тұрақты тренингтер мен семинарлар қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың не екенін ғана емес, онымен қалай күресуге болатынын түсінуге көмектесетіні сөзсіз.
«Рождественский серпантин» атты концерт өтті
Достық үйінде «Русская песня» халық ансамблінің «Рождественский серпантин» атты концерті өтті.
Концертте «Русская песня» ансамблі, «Адажио» би студиясы, «Вьюга» вокалдық тобы өнер көрсетті. Сахнада «Русская песня» ансамблінің жетекшісі Зоя Николаевна Авилова, «Мәдениет саласының үздігі» құрмет белгісінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткері өнер көрсетті, ол Ақмола ҚХА-ның қатысуымен өткізілетін көптеген іс-шараларға белсенді қатысады.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекетіміздің барлық этникалық топтары арасындағы бірлік пен достықты бейнелейді. 30 жыл ішінде ол біздің рухымызды нығайтты, мәдениет пен өзара түсіністіктің дамуына ықпал етті.
«Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
15 қаңтар күні Астана қаласының Достық үйінде «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті, оған біздің өңірдегі аталған ұйымның төрайымы, КХАА жанындағы өзбек этномәдени орталығының жетекшісі Тожибуви Медетова және «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері онлайн форматта қатысты.
Отырыс аясында «Жомарт жан» орталықтарының өткен жылғы қорытындылары және 2025 жылға арналған «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты ҚХА 30 жылдығын өткізу бойынша және Жұмысшы мамандықтар жылы бойынша орталықтың алдағы жоспарлары талқыланды.
«Ғалиябану» ансамблі
«Қоғамдық келісім» КММ-де Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әміренованың Алғыс хатымен «Ғалиябану» ансамблінің және «Көкшетау» МҮ ардагерлер хорының солисті Светлана Ибрагимова 85 жылдық мерейтойына орай марапатталды. Алғыс хатты Светлана Ислямовнаға «Ақмола облысының татарлар мен башқұрттар бірлестігі» ҚБ төрағасы Р.С. Сулькарнаев табыс етті.
Ибрагимова Светлана Ислямовна «Ғалиябану» ансамблінің ардагері, қазақ, татар және орыс тілдерінде ән айтады. ҚХАА аясында көптеген концерттерге, салтанатты және тақырыптық іс-шараларға қатысады. Ағымдағы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған көптеген іс-шаралар жоспарлануда, оған Светлана Ислямовна да белсенді қатысады деп үміттенеміз.