Құрметті Ақмола облысының медиаторлар қауымы!

Ақмола облысының барлық медиаторларын кәсіби мерекелерімен, сонымен қатар, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 10 жыл толуымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтының дамуына 5 жыл толуымен құттықтаймын!

Егеменді еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, жаңару мен жаңғыру жолында өз үлестеріңізді қосып, елімізде татулық пен тұрақтылықты сақтау мақсатында атқарып жатқан жемісі мен сауабы мол еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Сіздердей зиялы қауым, қоғамдағы әр қилы жағдайды бітімгершілікпен біріктіріп жүрген медиаторларды құрметтеймін.

Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өмірдегі жұлдыздарыңыз жарық болсын!

Мереке құтты болсын!

Құрметпен,

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы жанындағы

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

басшысы

Нұғыманов Е.Б.