Мерейтой иесін құттықтау

Пермякова Ираида Антоновна биыл 70 жасқа толды. Мерейтой иесін алты жыл вокал маманы болып жұмыс істеген «Қоғамдық келісім» КММ-дегі бұрынғы әріптестері құттықтады. Оның жетекшілігімен «Ельдивес» әйелдер вокалдық тобы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мерекелік іс-шараларында орыс, қазақ әндері мен романстарын орындап, табысты өнер көрсетті. Облыстық Достық үйі басшысының міндетін атқарушы Раисов Айдын Мақсұтұлы, Ириада Антоновнаға өзінің жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау хатын табыс етті.