Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша жастармен кездесу
А. ж. 9 қараша күні «Қоғамдық келісім» КММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды болдырмау және олардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы» тақырыбында диалог алаңы өтті. Оған Көкшетау қаласындағы «Әділдік жолы» филиалының директоры Е.М. Жайықбаев, «Ақмола-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі С. О. Тайтенова, облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Г. И. Яндиев, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті Заң факультетінің студенттері қатысты.