Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша жастармен кездесу

А. ж. 9 қараша күні  «Қоғамдық келісім»  КММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды болдырмау  және олардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы» тақырыбында диалог алаңы өтті. Оған Көкшетау қаласындағы «Әділдік жолы» филиалының директоры Е.М. Жайықбаев, «Ақмола-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі С. О. Тайтенова, облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Г. И. Яндиев, А. Мырзахметов атындағы  Көкшетау университеті Заң факультетінің студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды болдырмау  және олардың алдын алу тақырыбында  пікір алмасты. Жас тыңдаушылар тәжірибелі заңгер Жайықбаев Ерлазға көптеген сұрақтар қойды, ол нақты мысалдар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша түсіндірмелер, жастарға нақты өмірлік жағдайларда құқық бұзушылықтың алдын алу, парасаттылыққа, заңға бағынатын азаматты тәрбиелеу бойынша кеңестер берді.

Шара барысында сөз алған Тайтенова Самира және  Яндиев Герихан сәйкесінше  «Ақмола – Адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінің қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі туралы айтып берді.