Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында "Қоғамдық келісім" КММ-де Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптама тобының отырысы өтті. Ғылыми сараптама тобының құрамында 17 адам атап айтсақ, саясаттанушылар, тарихшылар, лингвистер, тіл мамандары, заңгерлер бар. Ғалымдар облыстық Ассамблеяны өңірде болып жатқан этносаяси процестерге ғылыми-сараптамалық бағалауды қамтитын ақпаратпен және материалдармен қамтамасыз етеді, мемлекеттік ұлттық саясатты дамытудың негізгі бағыттары бойынша консультациялар береді.