Аналар кеңесі тиімді жұмыс істеуі керек

Ү.ж. 8 желтоқсанда «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар кеңесінің отырысы өтті.

Қатысушылар облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Қ.С. Рахымжанованың бір жылда атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдады. Баяндаманы талқылау барысында қатысушылар Кеңес жұмысының тиімділігін арттыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Бүгінгі таңда аналар кеңесі өз қызметін облыстың барлық елді мекендерінде жүзеге асыратыны атап өтілді. Кеңестер халық арасында үлкен беделге ие, өйткені олар отбасы институтын сақтаумен және нығайтумен айналысады, көп балалы және әлеуметтік осал отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетеді, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелерін шешуге, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға қатысады.

Алайда, жаңа сын-тегеуріндермен аналар кеңесі қоғамдық ұйым ретінде қоғамның өзекті мәселелерін – ажырасулар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жастар арасындағы суицидтің, Интернетке тәуелділіктің алдын алуды, нашақорлықтың таралуының алдын алуды шешумен белсенді түрде айналысуы тиіс. Қатысушылар облыстық Аналар кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап, бекітті.