Мемарондумға қол қойылды

14 желтоқсан күні Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ мен «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Осы Меморандумның мәні мәдениет пен өнер, жастардың дамуы саласындағы жобаларды іске асыруға бағытталған әріптестік қатынастарды орнату және тараптардың ұзақ мерзімді, өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту болып табылады.

Меморандумға қол қою рәсіміне «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұғыманов Е.Б. және «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің директоры Такенова Д. У. қатысты.