Кітап сыйлау күні

14 ақпан - Халықаралық Кітап сыйлау күні. Ол әлемнің 40-тан астам елінде аталып өтіледі. Бұл мереке кітапты өзі сүйіп қана қоймай, оны өзге  адамдарға оқуға мүмкіндік беретіндердің барлығын біріктіреді. Адамдар кітап сыйлықтарымен әдетте достарымен, туыстарымен бөлісіп, кітаптарды кітапханалар мен мектептерге таратады.

Толығырақ

Достық үйіне саяхат

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары "Бірлік  әртүрлілікте" тақырыбына  шолу экскурсиясымен "Қоғамдық келісім" КММ-де болды.
Мұнда олар облыстық Достық үйінің этносаралық келісімді нығайту, этномәдени бірлестіктермен және ҚХАА қоғамдық құрылымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі қызметімен танысты. Курсанттар этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне, хореографиялық, көрермендер және конференц-залдарға барды, онда конференциялар, дөңгелек үстелдер, репетициялар, ҚХАА мүшелерінің, ЭКО көркемдік ұжымдарының қатысуымен концерттер өтеді. Тыңдаушылар алдында ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптама тобының мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті құқық кафедрасының аға оқытушысы Е. В. Максименко ұлтаралық келісімді қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы дәріс оқыды.

Толығырақ

Достық үйіне саяхат

   Ағымдағы жылдың 4 ақпанында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері "бірлік әртүрлілікте" шолу экскурсиясымен "Қоғамдық келісім" КММ-де болды.

    Мұнда олар Ақмола облысында тұратын этностардың этносаясаты, тілдерін дамыту, мәдениеті мен дәстүрлері мәселелерімен айналысатын облыстық Достық үйінің қызметімен танысты.

Толығырақ

Меморандумға қол қойылды

А.ж. 2 ақпанда Достық үйінде "Қоғамдық келісім" КММ мен Ақмола облысының оқу орындары - А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы және Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары  қазақ педагогикалық колледжі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Толығырақ

“Ассамблея жастары” жұмыс жоспарын талқылады

    Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында "Қоғамдық келісім" КММ-де Ақмола облысындағы "Ассамблея жастары" РҚБ өкілдігінің отырысы өтті.

 

    Іс-шараға облыстық ішкі саясат басқармасының, "Қоғамдық келісім"КММ мамандары қатысты.

Толығырақ

1 52 53 54 55 56 92