«Ақмола жұлдыздары» шығармашылық байқауы

А. ж.  9 қарашасында «Қоғамдық келісім»  КММ-де  Қазақстан  халқы Ақмола ассамблеясының шығармашылық ұжымдары арасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары» қалалық шығармашылық байқауы өтті.

 

Байқауға этномәдени бірлестіктердің 9 шығармашылық ұжымы қатысты, олардың ішінде  «Русская песня»  және «Ғаллябану» сынды екі  халықтық ансамбль, екі би ансамблі және «Степовы квяты» фольклорлық ансамблі бар. Барлығы 35 қатысушы. Көркемөнерпаздардың  орындауында қазақ, орыс, поляк және татар әндері шырқалды. Татарлар мен башқұрттар  бірлестігінің, «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының би ұжымдары өздерінің ерекше жалынды билерімен көзге түсті.

 

Байқау қатысушылары ән мен билерді әсерлі орындағаны соншалық, қазылар алқасы әртістердің орындаушылық шеберлігін, олардың әртістігі мен бойларындағы сарқылмас күш-жігерлерін  жоғары бағалады.

Қазылар алқасы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы шеберлер Одағы ұйымдастырған сәндік-қолданбалы өнер көрмесін де атап өтті. Көрмеде былғарыдан, ағаштан, пластиктен, бисерден және матадан қолмен жасалған әртүрлі бұйымдар ұсынылды.

ЭМБ  шығармашылық  ұжымдарының  үздік  нөмірлері а. ж.  23 қарашасында өтетін «Ақмола жұлдыздары»  қалалық шығармашылық байқауында көрсетіледі.