Ақмола облысының татарлары мен башқұрттары бірлестігіне 30 жыл

А.ж. 6 қарашасы  «Қоғамдық келісім»  КММ «Татарлар мен башқұрттардың  Қазақстандық конгресі»  республикалық қоғамдық бірлестігінің Басқарма Төрағасы Кәрімов Тауфиктің Ақмола облысы татарлар мен башқұрттар бірлестігінің мүшелерімен кездесуі өтті. Оған Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімова, облыстық татар және башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Р. С. Сулькарнаев, облыстық Достық үйінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Айна Ермекқызы өз сөзінде татарлар Ақмола облысындағы саны жағынан ең көп этнос өкілдерінің бірі екенін, оның өкілдері өңірдің әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуына, қоғамдағы бірлік пен этносаралық келісімді нығайтуға үлкен үлес қосып жатқанын атап өтті.

     Сөз сөйлеген Т. Кәрімов татар этномәдени бірлестіктерінің Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен өтетін іс-шараларға белсенді қатысатынын атап өтіп, мемлекеттік органдарға өз этносының тілін, мәдениетін сақтау мен дамытуда қоғамдық бірлестікке көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс айтты.

Ақмола облысының татарлар мен башқұрттар қоғамдық бірлестігінің 30 жылдығына орай, оның белсенді мүшелеріне Дүниежүзілік татарлар конгресінің медальдары мен Құрмет грамоталарын табыс етті.

   Кездесу достық, сенімді жағдайда өтті, оған қатысушылар мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің этносаралық қатынастар саласындағы тиімді өзара іс-қимылы, өңірдегі қоғамдық келісім мен бірлікті одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде пікірлерімен алмасты.