«Ситуативті қазақ тілі» атты кітабының авторымен кездесу

Қарашаның 21 күні "Қоғамдық келісім» ғимаратында «Ситуативті қазақ тілі» кітабының авторы Қанат Тасыбековпен кездесу өтті.

Кітап қазақ тілін ауыз-екі сөйлеуді меңгеруге бағытталған. Автордың «Мәміле» жобасын ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев ҚХА-ның XXVII сессиясында қолдап, «Ол ситуативті қазақ тілін ілгерілетуге бағытталған және біздің барлық азаматтарымыздың тез оқып-үйренуге және күнделікті пайдалана отырып, халқымызды жақындастыруға мүмкіндік береді».

Толығырақ

Жас отбасы

2019 жылғы 20-21 қараша күндері Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің қамқорлығымен, Қазақстанның этномәдени бірлестіктерін таныстырған жас отбасылардың қатысуымен «Дәстүрлерді сақтай отыра» атты республикалық фестиваль өткізілді.

Толығырақ

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жүлдесіне арналған турнир

Жастар жылы аясында 16-17 қараша күндері Көкшетау қаласында кикбоксинг бойынша Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кубогы сарапқа түскен облыстық турнир өткізілді. Аталмыш сайыста Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалалары және Атбасар, Бурабай аудандарыннан жалпы саны 165 спортшы бақ сынады.

Турнирдің мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды спортпен айналысуға баулу.

Толығырақ

Елшімен кездесу

А.ж. 13 қараша күні Ақмола облысына Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Корея мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэсик келді. Іс-сапар барысында Елші мен Ақмола облысының әкімі Е. Б. Маржықпаев кездесу өткізіп, аргарлық сектор және денсаулық сақтау салаларын дамыту сұрақтарын  талқылады. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Елші ректор және студенттермен кездесу өткізіп, өз елі туралы баяндама оқыды. Күннің екінші бөлігінде ол «Қоғамдық келісім» КММ болып, қоғамдық келісімді нығайту, түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамыту бағытын ұстанған этномәдени бірлестіктердің, облыстық ассамблеяның қызметімен танысты.

Толығырақ

«Ән – халықтың жаны» фестивалі

2019 жылдың 10 қарашасында Көкшетау қаласының Ақмола облыстық филармониясында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Ақмола филиалының ұйымдастыруымен «Ән – халықтың жаны» атты орыс, славян және казак әндерінің ІІІ республикалық фестивалі өтті.  Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарынан 20-дан астам шығармашылық ұжым мен қоғамдық бірлестіктердің жеке орындаушылары қатарынан барлығы 200-ден астам адам қатысты.

Толығырақ

Поэзия байқауы

6 қараша күні «Қоғамдык келісім» мекемесінде өзге ұлт өкілдері арасында «Туған жерім – Қазақстаным»  атты поэзия байқауы өтті. Ұйымдастырушылар – «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы.

Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тіл мен қазақ халқының мәдениетін насихаттау.

Толығырақ

1 74 75 76 77 78 92