Алматыда Қоғамдық келісім кеңесінің рөлі талқыланады

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы аясында 27 қыркүйек күні сағ: 11:00-де Достық үйінде «Қоғамдық келісім кеңесінің қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартудағы рөлі» тақырыбында кеңейтілген отырыс өтеді.

Толығырақ

Достық фестивалі

А.ж. 21 қыркүйегі күні Көкшетау қаласының Достық үйі аумағында Қазақстан халқы тілдерінің күні мен Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының құрылғанына 30 жыл толуына арналған шешен-ингуш мәдениетінің фестивалі өтті.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Юсуп Келигов, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасының «Вайнах» шешен және ингуш қауымдастығының төрағасы Ахмет Мурадовтар фестивальдің құрметті қонақтары болды.

Мейрам «Гәкку» ансамблінің бишілері қатысқан шешен-ингуш халықтық би ұжымдарының орындауындағы хореографиялық сюитадан басталды. Жүргізушілер қонақтарды қазақ, орыс және ингуш тілінде қарсы алды. Содан кейін ұлттық киім киген таулық қыздар  меймандар мен көрермендерді әр түрлі фестиваль алаңқайын аралап көруге шақырды.

Толығырақ

Менің Отанымның әндері

А.ж. 17 қыркүйегі күні Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілдегі «Сәлем саған, туған жер!» атты облыстық жастар байқауы фестивалінің екінші іріктеу айналымын өткізді.

Байқау қатысушыларын қошеметтеген Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Тохаева бұл іс-шара Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында өтіп жатқанын атап өтті. Байқаудың негізгі мақсаты - қазақ ән өнерін насихаттау және дамыту, мемлекеттік тілдің рөлін күшейту.

Толығырақ

Жаңа оқу жылымен!

А.ж. 15 қыркүйегі күні «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубында жаңа оқу жылы басталды.

Достық үйінде таңертеңнен бері шулаған балалар дауысы естіліп, көңілді болды. Бүкіл жаз бойы көріспеген олар өз достарымен алған әсерімен бөлісіп, әңгімеге кірісіп кеткен.

Линейкаға оқушылар, ұстаздар, ата-ана – бәрі жиналған. Сәлемдесу әр түрлі тілде басталды. «Сәлеметсіздер ме!», «Добрый день!», «Ди дика х1алд!», «Джень добры!», «Исәнмесез!». Содан кейін оқу жылының басталуымен құттықтаулар айтылып, бәрі осы оқу жылындағы Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігіне арналған алғашқы сабаққа барды.

Толығырақ

Өз Отанының азаматы болу

А.ж. 10 қыркүйегі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Ашық диктанттың негізгі мақсаты – азаматтарды латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануға үйрету.

Толығырақ

«Этносаясат: өңірлік тәжірибе»

А.ж. 9 қыркүйегі күні Қоғамдық келісім сарайында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марзият Тохаева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының курс тыңдаушыларына «Этносаясат: өңірлік тәжірибе» тақырыбында дәріс оқып берді.

Толығырақ

Отбасы – қоғам негізі

2019 жылғы 7 қыркүйек күні Достық үйінде Отбасы күніне арналған «Бақытты шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараны Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ ұйымдастырды.

Жиналғандар алдында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ төрағасы А. Артеменко және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Е. Мащинская құттықтау сөз сөйледі.

Толығырақ

Дөңгелек үстел

А.ж. 3 қыркүйегі Көкшетау қ. Достық үйінде «Этномәдени бірлестіктердің адалдық қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері, Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Қатысып отырғандарға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марзият Тохаева құттықтау сөзін арнады. Ол Президенттің Қазақстан халқына жолдауында жұмыстың басым бағытының бірі ретінде жемқорлықпен күрес аталғанына назар аударды. Мұнда көп жұмыс қоғамның белсенділігіне байланысты, ал Ассамблея «қоғамдық келісім институты ретінде бірлік пен келісім идеяларының берік негізі мен сенімді таратушысы болып қызмет етеді».

Толығырақ

1 76 77 78 79 80 92