Рождестволық мереке
Журналисттер клубының отырысы
А. ж. 20 желтоқсанында «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының отырысы өтті. Облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М. Ю. Тохаева өз сөзінде клуб мүшелерінің назарын Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына орай ҚХАА өткізетін іс-шараларды кеңінен, жоспарлы түрде жариялауға аударды.
Форумның жоғарғы марапаты
А.ж. 12 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қ. Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, онда қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытындысы шығарылды.
Бас Гран-при жүлдесін А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі Кукубаева Асия Хайрушевна жеңіп алды. Оның «Қазақстан жастарының сана-сезімін қалыптастыру ерекшеліктері» ғылыми жобасы ең үздік деп танылды.
Тәуелсіздік күні
Аналар форумы
Диалог алаңы
Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында «Қоғамдық келісім» КММ Ш. Уәлиханов атындағы КМУ жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ел бірлігі-біздің ең құнды игілігіміз» атты диалогтық алаң өтті.
Іс-шараға ҒСТ мүшелері, ғалымдар, студент жастар қатысты.
Футболшылармен кездесу
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының XXII сессиясы
2019 жылғы 29 қараша күні «Көкшетау» МС облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының төрағасы Маржықпаев Е. Б. жетекшілігімен «Бірлік пен келісім – қоғамның әлеуметтік жаңғыруының негізі» атты күн тәртібіндегі Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының XXII сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыстық ассамблея мүшелері, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.