Этносаралық қатынастар саласындағы медиация

10 маусым күні «Қоғамдық келісім» КММ-де «Этномәдени орталықтардың этносаралық қатынастар саласындағы медиаторлар ретіндегі рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына кәсіби медиаторлар, этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар медиацияны этносаралық қатынастар саласындағы даулар мен жанжалдарды реттеу құралы ретінде қолдану туралы мәселені талқылады. Этносаясат тілінде бұл құрал «этномедиация» деп аталады. Ол ұлтаралық қайшылықтардан туындаған қақтығыстарды шешудің тәсілі, оған қатысушы ретінде жеке адамдар немесе адамдар тобы болуы мүмкін. Бұл бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы айналысатын бағыттың жаңа түрі.

Толығырақ

1 45 46 47 48 49 92